Ең негізгі » Қордың қызметі » Тармақ пен арыз » Психикалық денсаулық » Жарты жылдан астам қоғамшылдар Қылмыстық атқарушы жүйенің комитетінің (ҚАЖК) демалыс аймақтың «жабық есігіне» қайта- қайта келді

Жарты жылдан астам қоғамшылдар Қылмыстық атқарушы жүйенің комитетінің (ҚАЖК) демалыс аймақтың «жабық есігіне» қайта- қайта келді

ҚАЖК-нің медициналық мекемелері емделушілердің құқықтарын қорғайтын ұйымдардан баршалай қорғануға тырысты. Себебі бұл ұйымдар психикалық денсаулықтың ауытқушылығы бар адамдардың құқықтардың  қаншалықты заңға сай орындалып жүргеніне көз жеткізу үшін, зерттеуді жүргізе бастады. Тәуелсіз сарапшылардың ешқандай іс-шара жұмыстарын, тіпті емдік –алдын алу жұмысын жүргіздірмеу үшін, республиканың қылмыстық жүйесі,  әр түрлі сылтаулар тауып рұқсат берген жоқ.

2010 жылдың тамыз айынан бастап 2011 жылдың қаңтарына дейін қоғамшылдардың ҚАЖК мен ҚР Әділет Министрлігінің арасындағы хат алысуы жалғасты.Тек қана жарты жыл өткен соң ғана ресми түрде рұқсат берілді.

Яғни осы болған айғақтардың өзі, Республикалық психиатриялық ауруханада жататын сотталған адамдардың құқықтарының шектеліп тұрғанын анық көрсетеді. Осыған орай сотталғанадардың, бұл жағдайда қандай құқығы бар екенін анықтау үшін, ҚР ӘМ-не өтініш жіберілді (Заречный ауылы). Осы ахуалдың өзі халықаралық заңнамаға сәйкес, сотталған адамдардың құқықтарының бұзылғанын көрсетеді. ҚАЖҚ-нің қоғам үшін «жазалау жүйесінің орындалуы қоғам үшін «жабық» екенін ҚҚ «Амансаулық» пен ҚҰ «Діл денсаулығының саласындағы құқықтық қорғаныс «Жеңу» жүргізген зерттеулері растайды

ҚАЖК-нің медициналық мекемелерде жатқан емделушілердің сауалнама қорытындысы, жай айтқанның өзінде зерттеушілерді таң қалдырды.

Яғни, емделушілерден бірде-бір арыз немесе шағым түскен жоқ. Емделушілер медицина қызметшілерінің мінездемесі туралы және стационардың жағдайы туралы баршалай тек қана жақсы жақтарын айтуға ат салысты.

Ең күтпеген жайт болды. Ол емделушілердің медико-психологиялық және әлеуметтік қызметтің бәрі көрсетіледі деп айтқаны. Шыңдықтың жүзі шыңдық, келісейік тордың бер жағында жүрген азаматтардың өзі, осы салада көмек ала алмай жүр. Ал тордың ар жағында отырғандар үшін медициналық көмек жоқтың қасы.

Қоғамшылдардың осыдан жарты жыл бұрын осы қылмыстық жүйенің есігін зарлап жүріп, әрең кіргеннің өзі, емделушілердің берген барлық жауаптардың «түгелдей жақсы болуы» оларды сендірген жоқ.

Сонымен қатар сарапшылардың айтуы бойынша ҚАЖК-нің медициналық көмекпен қамтамасыз ету шараларының дұрыс ұйымдастырылуы, дер кезінде емделушіге медициналық көмек алуға әсерін тигізеді.

ҚҚ «Амансаулық» , Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология  ғылыми-практикалық орталық  пен ҚҰ «Діл денсаулығындағы қорғаныс құқық «Жеңу» және Сорос Қазақстан қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасы арқылы бұл жоба іске асырылды.

«Ой-өрісі мен діл денсаулығындағы ауытқушылығы бар адамдардың құқықтардың орындалуын бақылайтын зерттеу жұмыстары» жобаның есеп беруінде:

-       ҚР ІІМ-нің (№272 от 14.06.2010), ҚР ДСМ-нің (№350 от 18.05.2010) және ҚР ӘМ-нің (№157 от 6.05.2010) бұйрықтары бойынша психикалық аурулары бар сотталғандарға тек қана Астана қаласындағы ҚР ӘМ ҚАЖК рұқсат берілгеннен кейін ғана стационарға жатуға арнайы қағаз беріледі.

-       Мамандырылған психологиялық көмек сотталған әйелдерге іс жүзінде көрсетілмейді.

-       Ауруханаға жатуға нақты уақыт пен шешім белгіленген жоқ. Яғни, түзету мекемесінің бастығы Астанаға сұраныс жіберіп, ол жақтан  жауап алғанша айлар өтеді. Осы уақыт аралығында сотталған психикалық сырқаты бар адам ешқандай медициналық көмек ала алмайды. Себебі осындай түзету мекесінде психотроптық дәрілерді беруге арналған лицензиясы жоқ.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым