Ең негізгі » Қордың қызметі » Ыстық байланыс: үндеулер мен оқиғалар » Медициналық қызмет » Медицина ісі ұтысқа жарамайтын іс пе? Қазақстанда дәрігерлік сұрақтар бойынша сот процестері баяу түрде шешіледі

Медицина ісі ұтысқа жарамайтын іс пе? Қазақстанда дәрігерлік сұрақтар бойынша сот процестері баяу түрде шешіледі

Біздің «байланысу желісінің» мұрағатында 2012 жылдан бастап осы күнге дейін, дәрігердің қателігі үшін денсаулыққа залалын тигізгіп немесе емделушінің көз жұмған жағдайлардың саны 6ға жетті. Жағдайдың бәрінде де туысқандарында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық қызметі және Медициналық бақылаудың Комитетінен (жергілікті және республиалық деңгейде) медициналық қызметкерлердің кінәсін мойындайтын анықтама бар.

Тек қана 4 жағдайда ғана қайтыс болған адамның туысқандары кінәлі адамдарды жазаға тарту үшін сотқа шағым жазды.

Осыған байланысты сот процестері бірнеше айдан бастап бір жылға дейін жетеді. Бұның өзімен шектелмейді.

Жақында «байланысу желісінің» дәрігері, Алматыда аурухананың төсегінде төбелестің салдарынан бас жарақатын алған 25 жасар қайтыс болған жігіттің анасымен хабарласты. Оның денсаулығының жағдайы дұрыс бағаланбай, емделушіні нейрохирургия бөлімінде тек бір тәулік өткеннен кейін ота жасады, алайда ол есін жимай қайтыс болды.

Ер кісінің анасының қолында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық қызметі және Медициналық бақылаудың Комитетінен медициналық қателікті мойындайтын анықтама бар, ол бұл істі Алматы қ. ІІД жіберді. Әйел бәрінде бұлжытпай істеді, алайда «байланысу желісінің» дәрігерімен сөйлескен әйел, істің бір қадам алдыға жылжымағанын айтады. Балам да жоқ, кінәлілер де жазаға тартылмады, дейді.

Басқа жағдай. 2013 жылы Павлодарда 1,5 жастағы бала қайтыс болды

Ұл бала күріштің сұйық тамағынан қақалып, ақырында сапасыз медициналық көмектің әсерінен емханада көз жұмды. Оның тәтесі, дәрігері, ата аналары әлі күнге дейін медициналық қызметкерлермен соттасып жатыр. Баланың өліміне тікелей қатысты дәрігерлер, күні бүгінге дейін жұмысты атқаруда, олардың санаттары төмендеді, жұмыс орны өзгерді, бірақ олар әлі де медициналық қызметте жүр. «...Көбілері ойлайтын шығар, бір қателік үшін адал жұмыспен айналысатын адамдарды жазаға тартудың қажеті жоқ шығар дейтіндер бар. Бұл қателік жас сәбидің өмірін алып кетті, оның жанұясының берекесін қашырды. (Біздің жанұямыз өмір сүрмей, жәй тіршілік жасап жүр). Мен кардиолог ретінде, егде адамдармен жүгіріп жүрмін, өйткені білемін олар біреудің ата анасы! Ал олар менің балама сондай қиянат жасады! Мен дәрігер ретінде өзімнің «әріптестеріме» сендім, өзіме осыны ешқашан да кешірмеймін...» -деп «Амансаулық» ҚҚ жазған өтінішінде ұлдың тәтесі ашуланады.

Бұл жағдайлар өте аз. Тек қана аз ғана туысқандар сотқа шағым жазып әділеттілікті талап етеді.

Біздің арамыздан көбілері дәрігердің қателігінен қайтыс болған адамдардың аруағын қолдап, шыңдыққа қол жеткізуге тырысатындар азғантай ғана. Көбісі қолдарын түсіріп, үндемей отырады.

Желтоқсанда, 2012 жылы медицина қызметкерлерінің қателігі үшін Алматы қ. әйел қайтыс болды. Қатты бас ауруынан және жоғарғы қан қысымымен оны қалалық №7 және №4 емханаға жеткізді. Ақырында әйел жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның 20-жасар қызы заңгермен кеңесе отырып, медициналық істен ұтылып қаламын деп бастамады.

Жақында бізге тағы бір өтініш келді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық қызметі және Медициналық бақылаудың Комитетінен дәрігерлік қателікті мойындайтын анықтама түсті. Туысқандары істі сотқа берді. Біз бәріміз де алда не болатынын күтудеміз.

P.S. 2010 жылдан бастап, «Амансаулық» ҚҚның қолдауы арқылы дәрігерлік қателікті мойындайтын 4 жағдайда әділеттілікті орнатуға көмектесті.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым