Ең негізгі » Қордың қызметі » Пресс-орталығы » Құлағдар етулер » ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

АИВ ЖҰҚПАСЫМЕН ӨМІР СҮРЕТІН ТҰЛҒАЛАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН АРНАЙЫ ЕМ САПАСЫ ЖАЙЫНДА ДАЙЫНДАЛҒАН ЕҢ ҮЗДІК ЖӘНЕ СЕНІМДІ МАТЕРИАЛ ҮШІН ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

Байқау аясындағы аталымдар

Байқау 3 аталым бойынша өткізіледі:

- баспа басылымында АИВ жұқпасымен өмір сүретін тұлғаларға ұсынылатын арнайы ем сапасы жайында жарияланған ең үздік материал

- теле- және радиоарналарда АИВ жұқпасымен өмір сүретін тұлғаларға ұсынылатын арнайы ем сапасы жайында жарияланған ең үздік материал

- Интернет-басылымдарда АИВ жұқпасымен өмір сүретін тұлғаларға ұсынылатын арнайы ем сапасы жайында жарияланған ең үздік материал.

Байқау шарттары

Байқау Қазақстан Республикасындағы АИВ жұқпасымен өмір сүретін тұлғаларға ұсынылатын арнайы ем сапасы жайында хабар тарататын республикалық және өңірлік БАҚ журналистері арасында өткізіледі.

Аталмыш жоба аясында АИВ жұқпасымен өмір сүретін тұлғаларға ұсынылатын арнайы ем сапасын талқылау мақсатында Павлодар, Өскемен, Петропавл, Қостанай және Алматы қалаларына дөңгелек үстелдер өткізіледі деп жоспарланған.

Байқауға ұсынылатын материалдар 2018 жылдың 22 қаңтарынан бастап 20 мамыры аралығында баспа басылым және интернет-басылымдарда жарияланып, теле-радиоарналарда эфирге шығуы тиіс.

Материалдарды қалай ұсыну қажет?

Байқауға қатысу үшін үміткерлер байқау аталымын, материал атауын, шыққан күнін, қысқаша аңдатпасын, автор туралы деректерді (аты-жөні, жұмыс жасайтын орны, байланысуға арналған деректер) көрсете отырып еркін түрде жазылған өтінімді жіберуі тиіс.

- теле-радио материалдар (теле-радио сюжеттер, теле-радиохабарлар) бейнехостингке немесе файлдар хостингіне (youtube) жүктелуі тиіс, электрондық пошта арқылы ұйымдастырушыларға бейнеге сілтеме және де материалдың эфирге шыққан күні, тақырыбы, хронометражын ғана жіберу қажет;

- газет және журналға шыққан жарияланымдар pdf немесе jpeg форматында сканерден өткізіліп, ұйымдастырушыларға электрондық пошта арқылы материалдың шыққан күні мен тақырыбы туралы мәлімет жіберіледі;

- Интернет-басылымдарда жұмыс жасайтын журналистер ғаламтор бетіндегі материалға сілтемені жіберуі тиіс.

Әрбір журналис Байқауға 1 жарияланымды/сюжетті жіберуге құқылы.

Жұмыстар орыс және қазақ тілдерінде қабылданады.

Байқау қорытындысын шығару

Республикалық және өңірлік БАҚ-қа арналған байқау нәтижелерін бағалау және қорытындылау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ҚР ДСМ, ҚР ДСМ ЖИТС-ын алдын алу және оған қарсы күресу жөніндегі республикалық орталығы, халықаралық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ, қоғамдық қайраткерлер, журналистер және ҮЕҰ өкілдері кіреді.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың мамыр айының соңында шығарылады.

Арнайы комиссия әрбір аталым бойынша бір жүлделі орынды белгілеп, жеңімпаздарды марапаттайды.

Әрбір аталымдағы байқау жеңімпаздарына 100 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде сертификаттары табысталады.

Өтінімдер мен материалдарды қабылдауың соңғы күні: 2018 жылдың 20 мамыры (осы күнді қоса есептегенде).

Байқауға өтінімдер мен материалдарды хаттың тақырыбын «ЛЖВ: Конкурс журналистских работ» деп жазып, amansaulyk@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.

Анықтама және кеңес алу үшін: +7 (727) 292 04 85.

«Аман-саулық» ҚҚ, Алматы қ., Байтұрсынов к./ Ғабдуллин к-ң бұрышында, 145/26-үй, 1-қабат, 110-каб., 112.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым