Главная » Деятельность фонда » Метадон » Қызылордада ҚАТ ауқымын кеңейту жобасы аясында Аймақтық Қоғамдық тыңдаулар өтті

Қызылордада ҚАТ ауқымын кеңейту жобасы аясында Аймақтық Қоғамдық тыңдаулар өтті

«Аман-саулық» ҚҚ АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қорының қаржылық қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және «Орталық Азиядағы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың қауымдастығы» ЗТБ-мен ынтымақтаса отырып, «Қазақстанда АИТВ індетінің алдын алу және есірткі тәуелділігін емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапияның (ҚАТ) ауқымын кеңейту» жобасы аясында Қызылорда облысында Аймақтық Қоғамдық тыңдаулар өткізді.

 

Жоба мақсаты - Қазақстан Республикасында инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы АИТВ індетін алдын алу және де есірткі тәуелділігін емдеуді барынша қолжетімді ету.

«2008 жылы Қазақстанда АИТВ-жұқпасының таралуын тежеу мақсатында метадонның қолданылуымен ҚАТ бойынша жобалар қолға алынды. Алайда, қоғамда бұл мәселеге байланысты ақпараттың жетіспеушілігі байқалады», деді "Аман-саулық» Қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова тыңдауда айтқан сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, «Аман-саулық» қоры аталмыш жоба аясында ҚАТ ауқымын кеңейту мәселелеріне қатысты ең үздік және сенімді ақпарат жариялау жөнінде республикалық және аймақтық БАҚ арасында байқау жариялаған болатын.


Уважаемые посетители!

В связи с техническими особенностями сайта Ваши комментарии иногда могут запаздывать с публикацией. Благодарим за понимание!

Для нас ценно Ваше мнение!

Деятельность фонда


вопросы и пожелания

подписка на новости