Главная » Деятельность фонда » Пресс-центр » Анонсы » «Қазақстанда АИТВ індетін алдын алуға және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған алмастырушы терапияның ауқымын кеңейту» жобасы

«Қазақстанда АИТВ індетін алдын алуға және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған алмастырушы терапияның ауқымын кеңейту» жобасы

«Аман-саулық» ҚҚ АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы аясында Орталық Азия Еуразия қорының қаржылық қолдауымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, ҚР ДСМ Психикалық денсаулық жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен, ҚР ДСМ ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі республикалық орталығымен және «Орталық Азиядағы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың қауымдастығы» ЗТБ-мен ынтымақтаса отырып, «Қазақстанда АИТВ індетін алдын алу және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапияның ауқымын кеңейту» жобасын жүзеге асыруға кірісіп отыр.

Осы тақырыпқа арналған баспасөз мәжілісі 25 сәуір күні сағат 12:00-де Қазақстан Баспасөз клубында (Алматы қ., «Самал-2» ш-а, 58-үй, Фурманов к., Әл-Фараби д-ң қиылысында, «СӘТТІ» бизнес орталығы, 1-кіреберіс, 2-қабат) өтеді.

Жобаның мақсаты — Қазақстан Республикасында инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы АИТВ індетін алдын алу және де есірткі тәуелділігін емдеуді барынша қолжетімді ету.

«Аман-саулық» ҚҚ аталмыш жоба аясында Қазақстан Республикасында қолдайтын алмастырушы терапияның ауқымын кеңейту мәселелеріне қатысты ең үздік және сенімді ақпаратты жариялау жөнінде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды. Байқау нәтижесі бойынша 3 жеңімпаз іріктеліп алынады.


 

Баспасөз мәжілісіне қатысушылар:

Бахыт ТҮМЕНОВА – «Аман-саулық» ҚҚ президенті;

Бақытжан НҰРАЛИЕВ – м.ғ.к., ҚР Психиатрия, психотерапия және наркология жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының клиникалық жұмыс жөніндегі директорының орынбасары;

Нұрәлі АМАНЖОЛОВ – «Орталық Азиядағы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың қауымдастығы» ЗТБ президенті.


 

Аккредитациядан өту жөнінде келесі байланыс бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Қазақстан Баспасөз клубы, тел. +7 (727) 2647113 немесе akparat@pressclub.kz


Уважаемые посетители!

В связи с техническими особенностями сайта Ваши комментарии иногда могут запаздывать с публикацией. Благодарим за понимание!

Для нас ценно Ваше мнение!

Деятельность фонда


вопросы и пожелания

подписка на новости