Главная » Деятельность фонда » Пресс-центр » Анонсы » Қазақстанда ҚАТ ауқымын кеңейту жобасын Қызылорда облысында еңгізу бойынша Қоғамдық тыңдаулар

Қазақстанда ҚАТ ауқымын кеңейту жобасын Қызылорда облысында еңгізу бойынша Қоғамдық тыңдаулар

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

«Аман-саулық» ҚҚ АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID), Орталық Азия Еуразия қорының қаржылық қолдауымен, сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Орталық Азиядағы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың қауымдастығы» ЗТБ-мен ынтымақтаса отырып, «Қазақстанда АИТВ індетін алдын алу және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапияның (ҚАТ) ауқымын кеңейту» жобасын  Қызылорда облысында жүзеге асыру мәселесі бойынша аймақтық Қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Жоба мақсаты — Қазақстан Республикасында инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы АИТВ індетін алдын алу және де есірткі тәуелділігін емдеуді барынша қолжетімді ету.

«Аман-саулық» қоры аталмыш жоба аясында Қазақстанда ҚАТ ауқымын кеңейту мәселелеріне қатысты ең үздік және сенімді ақпаратты жариялау жөнінде республикалық және аймақтық БАҚ арасында байқау басталғандығы туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар 19 мамырда, сағат 10.00—13.00 өтеді (Қызылорда қ, облыстық Наркологиялық орталығы, Шүкіров к,  52 үй, 2 қабат)

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар:

Бахыт Түменова - «Аман-саулық» ҚҚ президенті, Асылхан Әбішев  — ҚР ДСМ ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі Республикалық орталық басшы орынбасары, Дәулет Байпеисов - ҚР ДСМ Психикалық денсаулық жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық басшы орынбасары, сондай-ақ, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері.

____________________________________________________________________________________________

Аккредитациядан өту жөнінде келесі байланыс бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: "Аман-саулық" ҚҚ, тел. +7 (727) 292 04 85,  +7 (727) 220 71 87 және е-mailamansaulyk@mail.ru


Уважаемые посетители!

В связи с техническими особенностями сайта Ваши комментарии иногда могут запаздывать с публикацией. Благодарим за понимание!

Для нас ценно Ваше мнение!

Деятельность фонда


вопросы и пожелания

подписка на новости