Главная » Деятельность фонда » Пресс-центр » Анонсы » Атырау облысында ҚАТ еңгізу бойынша Дөңгелек үстел өтеді

Атырау облысында ҚАТ еңгізу бойынша Дөңгелек үстел өтеді

«Аман-саулық» ҚҚ АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID), Орталық Азия Еуразия қорының қаржылық қолдауымен, сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Орталық Азиядағы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың қауымдастығы» ЗТБ-мен ынтымақтаса отырып, «Қазақстанда АИТВ індетін алдын алу және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапия (ҚАТ) ауқымын кеңейту» жобасын  Атырау облысында еңгізу бойынша сарапшылар Дөңгелек үстелін өткізеді.

Жоба мақсаты — Қазақстан Республикасында инъекциялық есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы АИТВ індетін алдын алу және де есірткі тәуелділігін емдеуді барынша қолжетімді ету.

«Аман-саулық» қоры аталмыш жоба аясында Қазақстанда ҚАТ ауқымын кеңейту мәселелеріне қатысты ең үздік және сенімді ақпаратты жариялау жөнінде республикалық және аймақтық БАҚ арасында байқау басталғандығы туралы хабарлайды.

Дөңгелек үстел 6 маусымда (сейсенбі) 2017 жылы сағат в 9.30—13.00 Атырау қаласында (Атыраулық медициналық колледж, Авангард шағын ауданы, Құрманғазы к, 1 үй)  өтеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар:

Бахыт Түменова — «Аман-саулық» ҚҚ президенті, Мәншүк Аймұрзиева — Атырау облысының Денсаулық сақтау Басқармасының басшысы, Мендібай Досқалиев - Атырау облысының Наркология орталығының Бас дәрігері, сонымен қатар, маслихат депутаттары, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері.

_____________________________________________________________________________________

Аккредитациядан өту жөнінде келесі байланыс бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: "Аман-саулық" ҚҚ, тел. +7 (727) 292 04 85,  +7 (727) 220 71 87 және е-mailamansaulyk@mail.ru


Уважаемые посетители!

В связи с техническими особенностями сайта Ваши комментарии иногда могут запаздывать с публикацией. Благодарим за понимание!

Для нас ценно Ваше мнение!

Деятельность фонда


вопросы и пожелания

подписка на новости