Главная » Деятельность фонда » Снижение вреда » «Адам денсаулығы үшін тәуекел факторлары: заманауи сын-тегеуріндері және инновациялық шешімдер» II халықаралық конференциясы

«Адам денсаулығы үшін тәуекел факторлары: заманауи сын-тегеуріндері және инновациялық шешімдер» II халықаралық конференциясы

Алматы, 2017 жылдың 16 мамыры – Бүгін жетекші халықаралық және қазақстандық ғалымдар мен сарапшылардың, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, МЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Адам денсаулығы үшін тәуекел факторлары: заманауи сын-тегеуріндері және инновациялық шешімдер» — «Тәуекел факторлары 2017» II халықаралық конференциясы болып өтті.

Конференция қатысушылары дүние жүзіндегі жұқпалы емес аурулардың әсерінен артып келе жатқан қауіп-қатер туралы айтты.

ДДҰ деректері бойынша тек аталмыш ауралардан ғана жыл сайын 38 миллион адам өлімге душар болады. Соның ішінде, жүрек-қан тамырлары аурулары көптеген жағдайда өлімге әкеп соғады – осы аурулардан 17,5 миллион адам қаза болады. Одан кейін онкогологиялық аурулар — 8,2 миллион, респираторлық аурулар — 4 миллион және диабет — 1,5 миллион адам қаза болады.

«Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары ішінде жалпы өлімнің 6%-ға төмендеуіне қол жеткіздік. Дегенмен, республикада, бүкіл дүние жүзіндегідей, жұқпалы емес аурулардың деңгейі артуда. Қазақстандағы ең көп таралған созылмалы жұқпалы емес аурулардың туындау себептерінің ішінде 87,5% жағдайда төрт мінез-құлықты тәуекел факторлары анықталған: зиянды тамақтану, дене белсенділігінің жеткіліксіз деңгейі, шылым шегу және алкогольді аса көп пайдалану. Әлемдік тәжірибе тәуекел факторларын басқарудың жүйелік тәсілдері мен олардың алдын алу арқылы жұқпалы емес аурулардың санын сыналған және қолжетімді шараларды қабылдау негізінде тиімді төмендетуге болатынын көрсетеді – деп, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті, ҚР Денсаулық Сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бахыт Түменова есептейді.

Дүниежүзілік тәжірибеде залалды төмендету тұжырымдамасы кеңінен таратылуда, сонымен бірге бүкіл дүние жүзінде немесе бөлек алынған елде тәуекел факторларын жоюдың ұзақ мерзімді және идеалистік мақсаттарынан назардың қысқа мерзімді және іс жүзінде қол жеткізуге болатын мақсаттарға — жұқпалы емес аурулардың таралуының өсу қарқынын төмендетуге және адамдар өмірі мен денсаулығын сақтауға қол жеткізуге ауысы орын алуда.

«Алкоголь мен қантты қолдану, сондай-ақ, шылым шегу шарасыз ң кем дегенде, көз жетерлік болашақта) дерегін біз нақтылық ретінде қабылдаймыз және сәйкесінше, біз бар күш-жігерімізді осы құбылыстың жағымсыз әсерлерін қысқартуға бағыттаймыз, – дейді, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Вена қаласының медициналық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, никотинді зерттеу бойынша институттың басшысы, Австрия, Др. Эрнест Громан.

Тәуекел факторларын төмендетуге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерінің толық индустриясы бар – қант алмастырушылар, алкогольсіз сыра/шарап, электронды темекілер және т.б.

«Нағыз мәселе мынада: осындай өнімнің екі түрі бар – сапалы әрі оны қолданған кезде тәуекелдің шын мәнісінде төмендейтінін растайтын сертификатталған өнімдер, сонымен қатар, сапасы мен төмендетілген тәуекелді ешкім тексермеген, белгісіз жерде және әлдекіммен жасалған өнімдер. Сондықтан, қант жеуге, ішімдік ішуге, шылым шегуге тыйым салу және азаматтарды қозғалуға мәжбүр ету арқылы заңнамалық деңгейде факторларды жою айтарлықтай әсер бермейтіндіктен, сертификатталған және тиісті сапасы бар төмендетілген тәуекел өнімдерін өндіретін өнеркәсіпке назарды топтау дұрысырақ болар еді. Яғни, осындай өнім туралы, денсаулық үшін оның артықшылықтары туралы тұтынушыларды хабардар ету мүмкіндігін және, әрине, әр түрлі салық пұрсаттылығы арқылы бәсекеге қабілетті бағаларды орнатуды қоса алғанда, ұлт денсаулығы үшін тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін осындай өнімдердің нарықта пайда болуы үшін жағдайлар жасау», — деп, заң ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық тұтынушылар лигасы» РҚБ президенті Светлана Романовская атап айтты.

Конференцияда қозғалған мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын, сонымен қатар, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы» жолдауында аталғандай, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына үлкен ерекше көңіл аудару қажеттігін және алдын алу медицина мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің ұлт денсаулығы мәселелеріне аударатын аса үлкен назарын ескере отырып, Конференция қатысушылары одан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдау үшін Қарар жобасын әзірледі.

«Бүгінгі конференцияда қозғалған мәселелер өте маңызды. Осы мәселелерге біздің еліміздің Президенті мен үкіметі тарапынан аса үлкен назар аударылып отырғаны орынды. Тәуекел факторларын төмендету саясатында ғылымның, қоғамның және заң шығарушылардың барлық күш-жігерін үйлестіру қажеттігі туындап отыр. Адам денсаулығы үшін тәуекел факторларын төмендету бойынша тиімді жұмыс жасау мақсатында осындай үйлестірушілер ретінде ғылымның, қоғамның және заң шығарушылардың барлық күш-жігерін біріктіретін мемлекеттік емес ұйымдар әбден болуы мүмкін», — деп, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылым академиясының және Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Шарманов Төрегелді қорытындылады.

Конференцияға Австрияның, Израильдің, Ресейдің, Қазақстанның жетекші ғалымдары, сонымен қатар, Қырғыстан Республикасының және Қазақстан Республикасының парламенті мен үкіметінің өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.


Конференция және оның қатысушылары туралы толығырақ ақпарат risk-factors.net веб-сайтында ұсынылған, бұдан кейін осында пікірлер, қатысушылардың кеңестері және қатысушылармен келісілген Қарар мәтіні жарияланады.


Уважаемые посетители!

В связи с техническими особенностями сайта Ваши комментарии иногда могут запаздывать с публикацией. Благодарим за понимание!

Для нас ценно Ваше мнение!

Деятельность фонда


вопросы и пожелания

подписка на новости