Главная » Деятельность фонда » Снижение вреда » Бақыт Түменова: Тәуелсіздік алған жылдардан бері өлім-жітім 6 пайызға азайған

Бақыт Түменова: Тәуелсіздік алған жылдардан бері өлім-жітім 6 пайызға азайған

Жер бетінде ауру-сырқаудың нәтижесінде өлім-жітім көбейіп келеді. Дамыған медицина, саналы қоғам болса да жылына 38 миллион адам жұқпалы емес аурулардан көз жұмады екен. Бұл туралы «Адам денсаулығы үшін тәуекел факторлары: заманауи сын-тегеуріндері және инновациялық шешімдер» атты халықаралық конференцияда айтылды. Аталмыш жиынға Австрия, Израиль, Ресей, Қырғызстан және отандық сарапшылар қатысты.

Дүниежүзі бойынша жыл сайын 17,5 миллион адам жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болады. Ал обыр аурулары жылына 8,2 миллион адамның өмірін жалмаса, 1,5 миллион адамның түбіне қант диабеті жетеді. Дәл осы дерттің түрлері Қазақстанда да өршіп келеді, жыл сайын обыр ауруына шалдыққандардың жасы кішірейіп, жүрек-қан тамыры аурулары жаңа туылған нәрестеде де жиі кездесетін болған. «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменованың дерегінше, тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздегі өлім-жітім небәрі 6 пайызға азайған.

Қазіргі таңда Қазақстанда да әлемнің басқа елдері сияқты жұқпалы емес аурулардың түрі көбейіп келеді. Адам өміріне қауіпті жайттарды төртке бөліп қарастыруға болады, олар дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аз болуы, темекі шегу мен ішімдікке салыну. Әлемдік тәжірибеде аурудың алдын алу мен тәуекел факторларының жүйелі тәсілі өлім-жітімді азайтатыны дәледенген, – дейді ол.

Бүгінде аурудың алдын алу үшін зиягды заттарды азайту қарастырылған. Бұл әлем елдерінің, атап айтқанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көздеген мақсаты. Вена университеті медицина ғылымдарының докторы Эрнест Громан ағазға зиян келтіретін заттардың тізімін қайталап берді.

–Алкоголь, темекі мен қанттан бас тарта алмаймыз, сондықтан осы заттардың зиянын азайтуға тырысуымыз керк, – деді ғылым докторы.

Сондықтан бүгінде зиянды заттарға балама ретінде қант алмастырғыш, алкогольсіз сыра, электронды шылымдар жасалған.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау құрылымдары да, медицина саласының студенттерінің білімі алу жүйесі де ауруды емдеуге бағытталған. Адамға науқас ретінде қарауды үйретеді. Денсаулығы мықты адам болмайды, бірақ олар өздерінің денсаулығы мықты едп ойлайды. Сөйтіп өз ағзасына зиянды заттарды қолдану арқылы өз денсаулығына қатер төндіреді, өмірін қысқартады. Бұл туралы бірінші рет бірнеше жыл бұрын ғана ДДҰ Алатыда өткен конференцияда айтқан болатын. тіпті осыдан 25 жыл бұрын, яғни тәуелсіздік алғаннан бері осы тақырыпты қозғап, алдын алу жұмыстарын енгізу бойынша өңірлерде ғылыми конференция өткізгенде бұл жоба жабылып қала берсе керек. Отбасының денсаулығы мен алдын алу шараларын бір-бірінен алшақтатып қарауға болмайды. Мысалы, 2000 жылдарға дейін елімізде дәп осы алдын алуға байланысты 1600-ден астам амбулатория болған, оның бәрі жабылды. Қазір бұл жалпыұлттық мәселеге айналды. Сондықтан мемелкеттік қолдау өте маңызды, – деді Бақыт Түменова.

Қазір обыр ауруы да жасарып келеді. Жылына осы аурудан елімізде 17 мың адам көз жұмады. Аурудан көз жұмғандардың ішінде жүрек-қан тамыры ауруларының үлесі 21 пайыз. Бақыт Түменованың айтуынша, Кеңестер одағында қан тамырын ауыстыру атымен болмаған. Әрине, Вена университетінің ғалымы айтпақшы, бұрынырақ аман-есен дүниеге келудің өзі бір қуаныш болатын.

— Орта жастағы адамдар өмірімен қош айтысқан. Оған қарағанда қазір адам денсаулығы түзелген, жасы ұзарған, – деді.

Конференция қорытындысында денсаулықты сақтау үшін тамақтану тәртібін сақтап, тұтынатын өнімнің құрамына мән берген дұрыс деген кеңес берді мамандар.

 

"Түркістан" газеті


Уважаемые посетители!

В связи с техническими особенностями сайта Ваши комментарии иногда могут запаздывать с публикацией. Благодарим за понимание!

Для нас ценно Ваше мнение!

Деятельность фонда


вопросы и пожелания

подписка на новости