Ең негізгі » Қордың қызметі » Тармақ пен арыз » Денсаулық сақтау » Бахыт Туменова: Қатерлі ісікпен ауыратын емделушілерге өмірде сияқты әрқайсысына өзіндікі тиесілі болу керек

Бахыт Туменова: Қатерлі ісікпен ауыратын емделушілерге өмірде сияқты әрқайсысына өзіндікі тиесілі болу керек

Қазақстанда қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға  қалайша көмек нәтижелі және сапалы бола алатыны туралы «Амансаулық» ҚҚ-ның төрайымы Бахыт Туменова айтты. 

6 қыркүйекте Астанада ТМД мемлекеттері арасында онколог пен радиологтардың  7-ші съезі өтті. Бұл құрылтайда  ҮЕҰ-дың, тәжірибелі түрде денсаулық сақтау, медицина ғылымының, медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау басқару мүшелерінің өкілеттері  бас қосты.  Олардың ой тоғысқан жері бір – ол  азаматтық қоғамдық институтының ісікпен ауыратын науқастарға ем алуға қол жетімділігінде бастапқы рөлін көтеру.

Ескеру керек, бүгінгі таңда Қазақстанда  ісікпен күресуге көп көңіл бөлуде

Елбасының да саяси қалауы да жоқ емес, Халықтың Денсаулық туралы Кодексте  және денсаулық сақтау жүйесінде ісікпен күресу туралы бағдарламасы да бар.

Нәтижесінде біз үлкен жетістіктерге қол жеткіздік: басқа мемлекеттерге қарағанда біздерде скринингтік тексеріліс арқылы ісік ауруына тексеріліс тегін жүргізіледі, соның ішінде қымбат химиятерапияда тегін өтеді. Соның өзінде ең алғашқы медико-санитарлық көмектің (АМСК) рөлі өте жоғары, себебі профилактика мен аурудың ең алғашқы белгілерін анықтау соның салдарына жатады.

Бірақ әрі қарай жүру талай-талай жолдар...

Бізге осы айғақты барынша түсіну керек, себебі біз сүрген мемлекетте адам тұтынуы мен мемлекет мүмкіндіктері тепе-тең болуы әбден мүмкін. Бірақ, бұған қарамастан, Қазақстандағы ісікпен күресу мәселесі әлі де болса ауыр салмақ болып қала беруде.

Денсаулық сақтау жүйесінде кадрлардың жетіспеушілігі,  дәрігер-онкологтардың және АМСК дәрігерлердің жетіспеушілігі, қазір тәжірибеде жүрген дәрігерлердің квалификация төмендігі -  шешілмеген сұрақтардың көрінісі. Одан басқалары да бар. 

Алғашқы көрсетілетін медициналық көмектің рөлін көтере отырып, біз емделушілерге ерте кезден бастап ісік ауруына қатысты диагностикадан өтуге ақпаратты аз береміз. Ал бұл мәселенің екінші жағы – ол біздің емделушілердің әлі күнге дейін олардың денсаулығы үшін дәрігерлер мен үкімет жауапты деген ойынан айнымай жүргені үлкен себеп. Содан соң кінәліні бар жерден іздейді.

Айта кететін жайт, тегін ем алу мен скрининтік тексеріліс сияқты жетістіктерге жете отырып, біз ісікпен ауыратын соңғы стадиядағы емделушілерге өмірден ауруды сезбей кету үшін қалай көмектесуге болатыны туралы ұмытамыз.

Ісікпен ауыратын науқастарға бар көрсететін көмек тек морфий дәрі-дәрмектерге мән береміз, оның орнына қазіргі заманда ауруды басатын дәрілерді неге қолданбасқа? Мысалы, арнайы пластырь. Біз әлі күнге дейін «Промедол»  дәрісін қолданамыз, ол денсаулыққа бар жоғы он күн ғана зақым келтірмейді. Нәтижесінде, науқастың тілегі қараусыз қалады.

 

Тағы бір мәселе – хоспистің жетіспеушілігі, және де үй тұрмысында қазақстандық емделушілердің паллиативті көмек алуы

Мысалы, АҚШ-та науқастардың  90%  ісіктің соңғы кезеңдерінде қалған күндерін үйде өткізуге тырысады. Ал біздің Қазақстандағы діл бойынша, жанұяның түсінігі бойынша өз жақын адамдарының қасында соңғы күнін өткізу үшін барлығы да қолдайтын сияқты. Сондықтан хоспистің сандарын азайтпай, керісінше хоспис ұйымдарының дамуына ықпал жасап, үй тұрмысында  медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, және еріктілер қатысса болады емес пе?

Ісікпен ауыратын науқасқа сапалы паллиативті көмек көрсетілмегеннен кейін, ауруды басатын морфин дәрілерінің шектеулілігіне әкеледі.
Есірткімен күресеміз деп, біз гуманитарлық ұстанымдар туралы дәрігер-емделуші қарым-қатынастары туралы ұмытамыз.  Солай келе, біз емделушіні денені түршігетін аурымен бетпе-бет қалдырамыз. Ал дәрігер болса қатал ережеге  бағына отырып, емделушінің қамын ойлауда ешнәрсе істей алмайтын жағдайға тірейміз.

Морфинді заттарды сақтайтын және беретін емдеу медициналық ұйымдардың тізімін анықтай отырып, біздер Қазақстан үшін, оның халық тығыздығымен және кең аймақпен, қол жетімділік ең негізгі мәселеге айналады. Соның салдарынан төсек тартқан емделушілердің туысқандары, оларға дәріні әкелу үшін талай қашықтықты өткере отырып, жолға ақша шығарып барады, ал бұл дәрі бар жоғы екі-үш күнге жетеді. Неге бұл жағдайда дәріні бір айға бұрын бермеске? Нәтижесінде емделуші де, оның жақындары да жазықсыз зардап шегеді, екі-үш күнге жететін дәрі үшін одан  да көп ақшаны жолға шашады емес пе сірә...Ал дәрігерлер болса қайта-қайта қағаз толтырумен бас қатады

Егер жоғарыда айтылғанның бәрін ескерсек, біздің барлық қол жеткізген жетістіктермен  бірге ісік ауруы саласында шешілмеген талай сұрақтар алға шығады:  профилактика мәселесі мен ауруды ерте кезде анықтау, емделу мәселесі мен сапасы, реабилитация мен паллиативті көмек арқылы аурудың терминалды кезеңіңде өмірдің сапалығымен  қамтамасыз ету сұрақтары шешімсіз қалады.

Осы сұрақтардың тізімін біртұтас алу үшін, және де бұл мәселені шешу үшін, үкіметтік емес ұйыммен медицина қызметкерлері серіктес болу керек.  Және де бұл жерде екі жақтың да анық бөліну саласының стратегиясы болу керек. Бізге көп жағдайда кәсіпкерлік пен түсінушілік осы жерде жетпейді – бұл біздің ауруымыз, сондықтан біз одан айығуымыз тиіс.

Стратегия қандай болу керек?
Менің көзқарасым бойынша ҮЕҰ салауатты өмір салтын насихаттауда, ел арасында жыл сайын өтетін тексеріліс жайында ақпарат таратуға, денсаулық сақтау саласында құқық туралы айтуда үлкен көмегін тигізе алады. Бүл жобаларды ҮЕҰ үкіметтік әлеуметтік тапсырыс арқылы іс-жүзіне асыра алады.

Емделушілердің сапалы ем және оны алуда қол жетімділігі сұрақтарында, ҮЕҰ қызметі тексеріліс жүргізуде емес,  барлау мен талдау жүргізуде болу керек. Біздің парызымыз азаматтардың өтініштері бойынша, емнің қаншалықты сапалы және қол жетімді болғанын талдау мен зерттеу арқылы бақылау.

Науқастардың реабилитациясы – ол медициналық, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, ҮЕҰ  бұл салада өздерін паллиативті көмекті ұйымдастыруда көрсете алады. Яғни еріктілерді, әлеуметтік  қызметкерлерді дайындау, шіркеу мен мешіт қызметкерлерін дайындау. Егер де біз бұл салаларда өз қызметімізді анық бөлсек, онда ісікпен ауыратын адамдарға сапалы ем алуға, шешілмеген мәселелерді бірге шеше аламыз.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым