Ең негізгі » Қордың қызметі » Бахыт Туменова - блог » Тамара Калеева: мұнайшылардың көтерілісін хабарлау мен сот отырыстары туралы хабарлаудағы БАҚ-тың рөлі

Тамара Калеева: мұнайшылардың көтерілісін хабарлау мен сот отырыстары туралы хабарлаудағы БАҚ-тың рөлі

"...ата заң бойынша сөз бостандығының ұстанымы орындалып жатқаны жайлы сөз айту тіптен қиын... ", - Тамара Калеева, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғайтын халықаралық қордың төрайымы, 2011 жылы Жаңаөзенде болған жағдай туралы ақпаратты таратудағы БАҚтың рөлі туралы айтты.

Осы баяндама 2012 жылдың  13 желтоқсанында Жаңаөзен оқиғасына байланысты, болған жағдайды бағалау Дөңгелек үстелде таныстырылды.

Оқиғаны ақпараттандыруда БАҚтың бөлінуі
Мұнайшылардың көтерген көтерілісін ақпарат таратуда, 16—17 желтоқсан күндерінде болған оқиға жайлы және кейінгі сот отрыстарың хабарлауда, БАҚтың екіге бөлінуі жайлы толық сенімдімін. Үкіметтік және биліктің қол астындағы газеттер тек қана ресми көзқарастың тұрғысынан көбінесе ресми мәліметтерді жазды. Ақпараттың негізгі көзі Генералды прокуратураның мәліметтері болып табылады. Мысалға, 17 желтоқсаннан бастап  «Казахстанская правда» газеті тек қана Генералды Прокуратураның ақпараттын жазды. Ал тәуелсіз және оппозициялық газеттер болған қақтығыстың дамуын және жалғасын әртүрлі түрде жазды, тұрақты мұнайшылардың іс әрекеті туралы хабарлады.

Бейбіт жолмен ереуілге шыққан Мұнайшыларды үкіметтің қарамағындағы  газеттер ылғи да мұнайшыларды жалқау және сауатсыз адамдар деп мінездеме берді.

Ал осылай  жазу үшін үкіметтік газеттердің тілшілердің бірде біреуі көтеріліс ауданына барған емес. Ол ауданға тек оппозициялық газеттердің тілшілері ғана сапарға аттанатын. Осының өзінде, билік қол астындағы газеттер көтеріліс жайында аз ғана ақпарат беретін. «Республика», «К+» баспасөздері көтерілістің әр қадамын тұрақты түрде хабарлады.

Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздікті қарудың күшімен басқан кезде, билік барлық ақпарат көздерің шарасыз қылды, тіпті ғаламтор мен ұялы телефон байланысын.

Қайғылы оқиғаның тікелей репортажын тек қана К+ телеарнасының тілшілері ғана спутник арқылы көрсетті. Олар сол жақта оқиғаның алдында болған.

Қоғамдық қор  Liberty Жаңаөзенде жаңадан негізгі ақпарат қорларың қамауға алғаны үшін бірден жаңалықты хабарлады.

Осылайша,  twitter-ге қол жеткізбей қалдық. Ал , « YouTube сайтына қатысты болса, Қазақстанның билік өкілеттері жаңа тактиканы ойлап тапты: К+ телеарнасының YouTube сайтында нақты бір бейнеклипке белгілі бір аккаунтына жол жабылады.

Осыдан басқа, Ақтау қаласындағы Kcell ұялы желісі хабарлама жіберу мен ғаламторға кіру мүмкіндігінен айырылды.  «Голос республики» газеті өз оқырмандарың  16 желтоқсанда шығатын форум серіктестік жабылып қалғанын, ал газеттің порталына Жаңаөзеннен келіп түсетін  жаңалықтар үшін, өте қатты DDoc-шабуыл жасалғаны жайлы мәлімдеді.

16 желтоқсанда   www.socialismkz.info, www.respublikas.info барлық сайттың айналарымен, және guljan.org, www.twitter.ru Жаңаөзенде болған қайғылы оқиғаны хабарлаған барлық ғаламтор қорлардың ақпаратың оқшаулады.

Сонымен қатар қазақстандық тұтынушылар үшін РИА Новости ресейлік ақпараттық агенттіктің серіктесі— «Новости Казахстан» ақпараттық сайттын оқшалауға алды.

Жаңаөзендегі жағдай бойынша, билік көзі ақпаратты жаппай  шектегенін мойындамады.

17 желтоқсанда Қазақстанның Генпрокуратураның ресми өкілеті Нұрдаулет Сүйіндіков Астанадағы пресс конференцияда, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде желі мен байланыстың дұрыс істемеуі кабельдің бұзылғанына тиісті деді. «Өйткені, желі тым көп ақпараттың ағымынан шыдай алмай жұмыстан шықты. Сондықтан өте көп мобилді байланыстың және ғаламтордың желісінде көп кедергілер болды». Ал Қазақстанның «Қазақтелеком» Ұлттық байланыстың операторы 16—17 желтоқсанда ғаламтордағы байланысты шектеген жоқпын деп мәлімдеді.

"Жөнсіз ақпараттық саясат " — Жаңаөзендегі  оқиғаға қатысты қазақстандықтардың хабардарлығы туралы сарапшының пікірі

19 желтоқсанда саясаттанушы,  Ресейлік ғылыми академиясының шығыстану Институтының қызметкері Александр Князев радио «Свобода» өз сұхбатында, желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы қайғылы оқиғасына қатысты қазақстандықтардың қаншалықты хабардарлығы жайында өз көзқарасың айтты.  Оның ойыңша, республикада «жөнсіз ақпараттық саясат туындады»: « Қазақстанда бәрі де оның жағдайына өз түсініктемесін берді, алайда Алматы мен Астанада, тек прокуратураның брифингдан басқасы, толықтай үнсіздікті сақтады. Ал азаматтарға түсінікті болатындай, ешкім оқиғаның шыңдық пердесін әлі күнге дейін  ашқан емес».

Саяси сұрақтар бойынша Қазақстан президентінің Кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ресейлік БАҚты Ресейдің ішкі мәселелерден бар назарын тыс аудару үшін, Жаңаөзендегі тәртіпсіздік туралы репортажын көрсетуде деп кінәлады.

Бұл жайында кейінірек, ақпараттық агенттік «Интерфакс» хабарлады. Ертісбаев, мұнымен шектелмей, басқа мемлекеттердің журналистерің де сынға алды. Олардың «жоғарғы деңгейде өз пікіріңше» Жаңаөзендегі ереуілді басу жайлы ақпаратты таратты.

Міне  20 желтоқсанда Астанада үкімет отырысында Қазақстанның премьер министрі Карим Масимов, Жаңаөзен қаласында жағдайдың бәрі ашық болуын қамтамасыз етуді бұйырды.

Өз кезегіңде, Байланыс пен ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, өз жиналысында, Жаңаөзенде отандық және шетел БАҚ үшін арнайы пресс орталығы ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Яғни журналистер ең бірінші боп ақпаратты біледі, сұхбатты алу ұйымдастырылды деп хабарлады. Ал Қазақстанның бірінші вице премьері Өмірзак Шукеев, 20 желтоқсаннан бастап, Жаңаөзендегі жағдай телеарналарда  тікелей эфирде көрсетілді.

Негізінде БАҚтың өкілеттері үшін жұмыс қалай ұйымдастырылды?

Осы жайында «Әділ сөз» қорыңа 21-23 желтоқсан аралығында Жаңаөзен қаласында болған  «Уральская неделя» газетінің тілшісі Санат Урналиев хабар берді. Журналистке қалаға кіру үшін біріншіден Маңғыстау облысының әкімшілігінің қарамағындағы пресса қызметінде аккредитациядан өту керек еді.

Ал Жаңаөзеннің өзіңде, журналисті барлық жерде полиция мен қала әкімшілігінің адамдары соңынан еріп жүрді. Ал жергілікті тұрғындармен сөйлесу мен сұхбат алу тек қана полиция мен әкімшіліктің адамдарының бақылауында өткізілді. Сылтауы  — журналистерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Журналистер осындай жағдайда шынайы ақпаратты алу қиын екенін түсінгенде, республикалық БАҚтың жеке тілшілері— Жұлдыз Толеуова («Стан», Ақтау), Казис Тоғызбаев ( Азаттық радиосы Алматы), Сания Тойкен («Ақ Жайық», Атырау) и Санат Урналиев («Уральская неделя»), — Жаңаөзен қаласының комендантының атына Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Қабыловтың атына өтінішті жазды. Бар мақсаты, қалада қалып, толық жұмыс істеу. Өз арыздарыңа журналистер ауызша «жоқ» деген сөзді естіді.

Желтоқсан оқиғаларының кезеңінде бірнеше журналистер ұсталып қалды

18 желтоқсанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері ресейлік баспасөздің корреспонденті «КоммерсантЪ» — Владимир Соловьев пен фотокорреспондент Василий Шапошниковті тұтқындады.  «Коммерсант» баспасөздің бас редакторы Михаил Михайлиннің айтуы бойынша, ұсталғаннан кейін, журналистерді ұрып соғып, Жаңаөзеннің ішкі істер басқармасында бірнеше сағат ұстады. Осыған қоса,  М. Михайлиннің айтуы бойынша, осы журналистермен бірге  «Ленты.ру» баспасөздің корреспонденті Илья Азар да ұсталды.Ұсталған адамдардың жекеменшік заттардың жартысын алып қойды, және де оларға ешқанадай түсініктеме берген жоқ.

Кейінірек, өз пресс релизінде Маңғыстау облысының прокуратурасының пресс қызметі арнайы корреспонденттерді ұстағаны жайлы мәлімдеді.

Прокуратураның хабарламасы бойынша, тұлғаны анықтағаннан кейін, және олармен әңгімелескеннен кейін, «И. Азарға, В. Соловьевке и В. Шапошниковқа транспорт пен журнгалистік қызметті ешбір кедергісіз жүргізу үшін күзетшілерді берді».

22 желтоқсанда Жаңаөзенде «Халық майданы» коалистік белсенділермен бірге «Голос республики» газетінің журналисті Жанар Касымбекова мен блогер, қоғамшыл Мұрат Тұнғышбаев ұсталды.

11 қаңтар, Жаңаөзенде «Стан» бейнепорталының түсіру тобы— оператор Павел Энгельгардт  және штаттан тыс журналист  Қанат Бөкенов ұсталды. Ұсталған сәтте журналистер редакцияға қоңырау шалып үлгерді. Сол кезде оларды кім ұстағанын анықтауға мүмкіндік болған жоқ: олардың телефондары өшіріліп қалды.

Кейінірек анықталды: түсіру тобы Жаңаөзеннен шығарда ГАИ постында ұсталып қалды. Шамамен бір сағаттан кейін журналистердің барлық құжаттарың, жабдықтарды, бейнекамераларды толық тексергеннен кейін жіберді.

Көбінесе «Республика», «Взгляд», «Стан» қызметкерлері сұралды.

11 қаңтарда «Стан» бейнепорталының журналистері, Алматыдағы пресс-конференцияда, оларға ҰҚК тарапынан және құқық қорғайтын органдардан қатты қысым түскені жайлы мәлімдеді: Біздің айналамыздағы жағдай қиындап барады, сондықтан біз  қоғамға өзіміздің Stan.KZ қызметкерлері, журналистердің өмірі үшін қорқып жатқанымыз жайлы айтуды жөн көрдік.

Порталдың бас редакторы Әсел Лимжанова маусым айынан бастап, журналистердің артынан мүлтіксіз бақылау жүріп жатқаны, және психология тұрғысынан қысым көрсеткені туралы  мәлімдеді.

Бейнепортал мұнайшылардың ереуілге шыққаны жайлы жеті ай бойы жариялады

Алайда, редакцияның пресс арызында айтылғанына қарамастан күш құрылымдары оған мән бермей, бір сұрақты қоюдан жалықпайды: неге «Стан» телеарнасының корреспонденттері 16 желтоқсанда Жаңаөзенде болды? Сұрақтардың көбісі компанияның құрылымына, штатқа, кім қандай қызметте тұр, ақпаратты жіберу процесі қалай ұйымдастырылғанына тиісті. Ал тергеуші болса бұл «Генпрокуратураның бөлек тапсырысы» деп қол сілтейді.

23 қаңтарда, Алматы қаласының ҰҚК Департаменттің қызметкерлері тәуелсіз «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийсді ұстап алды.

Ол ҚР ҚК 170 баптағы  2 бөлім бойынша   -  «Зорлық күшімен конституциялық құрылымды құлатуға үндеу тастау, БАҚты пайдалану» қылмысымен айыпталды.

Бірден желтоқсаннан кейін, Ақорданың ресми тұлғалары қоғамдық мінезді, желтоқсанның оқиғасын хабарлап отырған  оппозициялық және тәуелсіз БАҚқа қарсы қойды.

ҚР саяси сұрақтар бойынша президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Свобода слова» газетіне 12 қаңтарда өз сұхбатында, арнайы сараптама жұмыстарына дейін осыны айтқан: «Мен баяғыда айтқан болатынмын, президентке қарсы ақпараттық –идеологиялық соғыс жүріп жатыр». Оның ойыңша, бұл соғыста «Республика» порталы мен  «К+», арнасы белсенді орын алады, өйткені олар жедел түрде Жаңаөзендегі қасіретті оқиғаны хабарлап, ашық түрде «бұқара елді  көтеріліске» шақырды.

Ертісбаев мырзаға  желтоқсанда оппозициялық БАҚты жабудағы басталған сот отырыстарының қорытындысы ақпан айында белгілі болды.

«Литер» газетіне жауап бергенде, ол : «Республика» мен «К+» – бұл ең негізгі ақпараттық терроризм мен экстремизм, және сол жақта жұмыс істейтіндердің барлығы, саналы түрде немесе ақша үшін ақпараттық террорист болып жұмыс істеуде. Бұл баспалардың қызметі– саяси экстремизмнің классикалық мысалы». Президенттің кеңесшінің ойы бойынша, қалай М.Аблязов сотталады, «сол күні барлық оппозициялық баспалар өз қызметің тоқтатады».

Көктем мен жаз бойы, газеттер мен ғаламтор порталы, Ертісбаев мырзамен айтылған, олардың журналистері мен  жетекшілері, тексеріліске, бақылауға, тергеу мен тінтуге тап болды.

Осы жайында олар қоғамды жедел түрде хабарлап тұрды. Оппозициялық прессаны және сөз бостандығын қуалауды доғару үшін  атақты халықаралық ұйымдар қарсы шықты, алайда билік оған құлағын да асқан жоқ.

Тамыз айында, сот процесінде партия «Алғаның» лидері Владимир Козловты ұлттық араздықты және конституциялық құрылымды күшпен құлатудағы ісі бойынша, Алматылық сот сараптамасының орталығының сарапшысы Ақбарова Роза жоғарыда келтірілген оппозициялық БАҚ ты «позитивті көзқарастың орнына критикалық ақпаратты таратуда», «БАҚтың ақпараттары алдын ала жоспар бойынша саяси өзгерістерге бағытталған, адам санасында жаман ойлар мен пікір қалыптасу үшін» деген айыппен айыпталды. Осындай сауатсыз шешімдер арқасында оппозициялық БАҚқа қарсы күзде күрес басталды.

«Голос республики» және «Взгляд» газеттерінің өкілеті Маңғыстау облысының сотына аппеляцияға беріп арыз жазды. Ол сот шешімінен Владимир Козловқа қатысты фрагментті алып тастауды сұрады. Еске саламыз, үкімді баяндайтын бөлімде былай жазылған: «Берілген объектілерді сараптаман өткізгенде, олардың толық мәліметтері телеарна «К+», ғаламтор-порталдар «Стан-ТВ», «Республика»,  газеттер «Республика» , «Голос Республики», «Взгляд» толықтай әлеуметтік араздықты тудыру үшін және оның басшысы М.Аблязовтың қатысты екенін жариялады.

Жоғарыда келтірілген объектілердің саяси талдау көрсеткендей, олардың ақпараттарыңда саяси экстремизмнің белгілері аңғарылды, олар Қазақстан Республикасының негізгі конституциялық  саяси әлеуметтік құрылымды бұзуға бағытталды, осының салдарынан Жаңаөзен қаласында 2011 жылдың 16 желтоқсанында жаппай тәртіпсіздік басталды.

Ал жоғарыда келтірілген баспасөздердің журналистері, олардың жазылған мақалалары сараптамаға жіберілгенін аңғарған да жоқ.

Ал заңгердің пікірі бойынша, «голос Республики» мен «Взгляд» газеттері сараптамаға қатысуға мүмкіндігі болмағаннан кейін, оларға айып тағылмау керек. Өйткені олар басқа сот отырысында заңдылығын мойындату  мүмкін, дәл «козлов ісі » болғандай.

Әрине, арызда келісімін берген жоқ.

20 қарашада Алматы қаласының прокуратурасы сотқа өз арыздары мен шағымдарымен барды:

- 8 газет пен 23 ғаламтор қорларды «Республика» газетінің бұқаралық ақпараттың құралының бәрі бір деп мойындау, және оның басылып шығуына және таратылуына тыйым салу;

- Қазақстан Республикасының аймағында «Взгляд» газетінің басылып шығуына және таратылуына, және оны көрсететін ғаламтор қорларды таратуға тыйым салу;

- Қазақстан Республиксының аймағында шетелдің бұқаралық ақпарат  құралдарының өнімін — телеарна «К+» және оны көрсететін ғаламтор қорларды таратуға тыйым салу

- Республика Қазақстанның аймағында шетелдік бұқаралық ақпаратты құралдарының өнімін — «stan.tv» ғаламтор бейне порталын таратуға тыйым салады.

Осы арызда ең бірінші заңнаманың қатал түрде  бұзылғаны қабырғаны қайыстырды:

Қазақстанның құқықтық жүйесі әртүрлі заңды тұлғалардың қысым астында бірігу дегенді білмейді. Газет, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның терминінде -

Бұл «белгілі бір аралықпен немесе үздіксіз бұқаралық ақпараттың түрі, соның ішінде интернет ақпарат та кіреді». Міне осы түрге де, олардың меншікке немесе жетекшілеріне емес, дәл осы түрге арыз берілді.

Осы себеп бойынша Қазақстанның  15 үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттің оппозициялық БАҚты жабуға қарсы шығып, өз арыздарың берді.

Біз ойлаймыз:

«Сотқа барлық Қазақстанның оппозициялық БАҚты жауып алсың деген  Алматы прокуратурасының бастамасының жазған арызы, мемлекетті қауіпті кезеңге  итермелейді. Яғни, толықтай барлық демократиялық құндылықтардан бас тартып, тоталитаризмнің қараңғысына батамыз.

Экстремизммен күресуді сылтауратып, мемлекетте Конституцияда белгіленген, пікірдің әртүрлілігімен, сөз бостандығымен, және саяси әртүрлілігімен үкімет астарлы жолдармен көзің жойғысы келеді. Осы мақсатта, заңдар шектеліп, БАҚтың бірігуі және «басқа мәліметтер», құқықтық түсініктер салыстырмалы түсінікке алмастырылуда.

Прокуратураның шешімі тастай қатты, ал сот өкілеті бұл шешіммен келісті

Тайға таңба басқандай, заңгерлердің айғақтарына, халықаралық және отандық құқыққорғаушыларыңа, беделді халықаралық ұйымдардың арыздарыңа қарамастан, прокуратура өз айтқан сөзің өзгертпеді, ал сот билеушілері болса, оны мойындады.  Ертысбаев мырза ертеңгі күнді көздегендей, Жаңаөзеннің бір жылдығың біз оқуға тыйым салынған газеттермен, интернет ақпараттармен, және телеарнамен қарсы алдық. Ал ресми және биліктің қол астындағы баспасөздер, қазіргі таңда Жаңаөзенде «бәрі жақсы» деген мәліметтерді ғана жазуда, ал бүкіл халықтың алдында шыңдықтың пердесін ашудың орнына үнсіздікпен кешуде.

Осылайша ата заңдағы сөз бостандығының ұстанымы жайлы және Қазақстанның ақпаратты кедергісіз алу және тарату халықаралық құқығы міндеттері туралы сөз айту жоқтың қасы..


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым