Ең негізгі » Қордың қызметі » Мигранты » Құқықтар » Мигрант- әйелдерге. Сіз жүктісіз бе әлде жүктілікті жоспарлап жатырсыз ба?

Мигрант- әйелдерге. Сіз жүктісіз бе әлде жүктілікті жоспарлап жатырсыз ба?

Жүктілік — бұл үлкен қуаныш пен үлкен жауапкершілік! Осыған орай Сіз және сіздің болашақ балаңыз үшін қажетті ақпаратты біліңіз:

1. Сіздің аяғыңыз ауыр және сіздің жүктілігіңіз 1-12 аптаға дейін болуы мүмкін. Міндетті түрде тұрып жатқан мекеніңіз бойынша медициналық учетқа тұрыңыз.

2. Жүктілік кезінде Сіз тек қана ақылы медициналық қызметтерге құқығыңыз бар

3. Егер де Сіз емханаға барсаңыз, онда Сізде осындай құжаттар болу тиіс:

- паспорт,

- миграциондық карточка немесе тұруға рұқсат қағазы

- жүктілікті растайтын медициналық құжат

4. Егер сіз қызметте жүрсеңіз, онда міндетті түрде бастығыңызға  өзіңіздің жағдайыңыз туралы айтыңыз

5.Сіз баланы туған жағдайда, Сізге баланың туу куәлігін рәсімдеу керек болады.

6. Балаңыз туылғаннан кейін, бір айдың ішінде балаңыздың туылған жері бойынша немесе өзіңіздің тұрып жатқан аймағыңыз бойынша АХЖҚ барыңыз.

7. Өтінішті берген кезде Сізде келесі құжаттар болу тиіс:

- өтініш,

- баланың туылуы жайлы медициналық куәлік,

- құжаттардың түпнұсқасы, яғни ата- анасының растайтын куәлік немесе өкілеттілікті берген тұлғаның куәлігі (паспорт, тұруға рұқсат қағазы, тіркеуден өткен миграциондық карточка, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тұруға рұқсат қағазы),

- нотариуста  ата- анасының немесе өкілет тұлғасының растайтын құжаттардың көшірмесін куәләндіру  (паспорт, тұруға рұқсат қағазы, тіркеуден өткен миграциондық карточка, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тұруға рұқсат қағазы)

- ата анасының немесе сенген өкілет тұлғасының аты жөнін растайтын құжаттардың аудармасын нотариуста расталған құжаттарды қабылдау

- ата- аналардың заңды түрде некелесу куәлігі (егер де бала некеде туылса)

- ата -аналардың некелесу куәлігінің нотариуста растлаған көшірмесі (егер де бала некеде туылса)

- қазақ тіліне немесе орыс тіліне ата -анасының некелесу куәлігінің аудармасын нотариуста растау (егер де бала некеде туылса)

8. Біліңіз, сіздің балаңызға Қазақстанда туу куәлігі берілгенімен, ол Қазақстан азаматы болып саналмайды!


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым