Ең негізгі » Қордың қызметі » Сотталғандар » Зертеулер мен жариялау » Сотталғандарды азаптау мен қатал жазалаудан медициналық этиканың ұстанымдары

Сотталғандарды азаптау мен қатал жазалаудан медициналық этиканың ұстанымдары

Тұтқындалған адамдарды азаптану мен адам көргісіз, зұлымды түрде жазалау мен адамның абыройын төгетіндей мейірімсіз қарауда медициналық этиканың ұстанымдары және  денсаулық сақтау қызметкерлерінің рөлі.

1982 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Бас Ассмблеямен 37/194 қарар қабылданды.

1 Ұстаным

Денсаулық сақтауда қызметкерлер, соның ішінде әсіресе дәрігерлер, қамауға алынған азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде, қалайша бостандықта жүрген азаматтар болсын, солайша олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға, және ауруды үзбей сапалы әрі сол деңгейде емдеуге міндетті екенін ұмытпау тиіс.

2 Ұстаным

Денсаулық сақтаудың қызметкерлері соның ішінде әсіресе  дәрігерлер, егер де халықаралық құжаттар бойынша қылмыс жасау белсенді немес баяу істерді істесе, яғни, зұлымдық азаптауда, адам абыройын төгетін жаман қылықтарды жасауда, немесе оларды жасауға итермелеу сияқты іс-әрекеттер медициналық этиканы бұзады.

3 Ұстаным

Денсаулық сақтауда қызметкерлер, соның ішінде дәрігерлер, егер де басқа тұтқындалған адамдармен кәсіптік қарым-қатынаста, негізгі мақсаты оларды дұрыс тексермеу, қабылдамау, олардың физикалық я психикалық денсаулығын қорғамай, жақсартпаса ол да медициналық этиканы бұзды дегені.

4 Ұстаным

Денсаулық сақтау қызметкерлері, соның ішінде дәрігерлер, медициналық этиканы бұзады, егер:

а) Өз білімдерін қамауға алынған азаматтарды тергеуге алғанда қолданғанда, бұл азаматтың физикалық немесе психикалық денсаулығына зұлым тигізсе, немесе тұтқындалушылардың жағдайы халықаралық құжаттармен сәйкес болмаса.

b) тұтқындалушылардың денсаулығы жақсы және оларды кез келген жазаға көрсетуге рұқсат беруде растау, соның кесірінен азаматтың жағдайы нашарлап қалса, ол да медициналық этиканы бұзғаны, өйткені бұл жағдай халықаралық құжаттармен сәйкес келмейді. 

5 Ұстаным

Денсаулық сақтау қызметкерлері мен соның ішінде әсіресе дәрігерлер, басушы түрде тұтқындалған адамға әрекет қолданса бұл да медициналық этиканы бұзғаны болады. Егер бұл  тек қана азаматты физикалық немесе психикалық зақым өзіне немесе басқа адамдарға келтірмес үшін  медицина тарапынан  қолданса ғана. Ал былайша бұл жағдай дұрыс емес.

6 Ұстаным

Жоғарыда келтірілген ұстанымдардың ешқайсысында ауытқушылық болмайды. Тек қана ерекше жағдай болмаса ғана.

 


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым