Ең негізгі » Қордың қызметі » АҚТҚ/ЖҚТБ » Зерттеулер мен жариялаулар » АҚТҚ зерттеу көлемі ұлғаюда: адам құқықтары мен жасырын әрекеттер

АҚТҚ зерттеу көлемі ұлғаюда: адам құқықтары мен жасырын әрекеттер

Осы мақалада Джоан Сете және Ричард Эллиот «шырмаулы зерттеу» қатынасына байланысты құқық қорғау мен этикалық сұрақтарды талқылауда.

АҚТҚ-ға байланысты сұрақтар туындағанда зерттеу жұмыстарын жүргізгенде сарапшылардың пікірі әр түрлі
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ақпараты бойынша өмір деңгейі өте төмен мемлекеттерде АҚТҚ мен ауыратын адамдардың 10% ғана өзінің АҚТҚ-дәрежесін  біледі.

Бұл бүкіл әлемдік дағдарыстың көлемі

АҚТҚ-ға қатысты адал жасалынатын бақылаулар мен олардың нәтижелілігі, АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясына дұрыс қорытынды жұмыстарын істеуге медеу болады.  

АҚТҚ-ға тексерілуге тегін немесе арзан әрі өте сапалы  қызметтерді көрсету жөн болады деп, белсенділер мен жетекшілер толық келіседі. Бірақ олардың көзқарасы АҚТҚ-ға бақылау жұмысын жүргізгенде негізгі бөлшектермен осы бақылауға барлығына қол жетімді болатындай әдістерге келгенде сәйкес келмейді.

АҚТҒ-ға «анық-қанық» бақылаудың нәтижелілігін бағалайық
Осы мақаланың мақсаты – АҚТҚ-ға бақылауды  халықаралық сәйкестілік арқылы зерттеуді жүргізу жайында ең жиі кездесетін сұрақтар мен өтініштерді жан-жақты талқылау.

Осы ұсынған әдісте, «анық-қанық» атауын алған бақылауда., АҚТҚ-ға байланысты алынатын анализдер зерттелінетін адамның  өзімен емес, медқызметкердің бастамасымен басталады, және де өте жиі бұл сараптама жұмысы ешқандай кеңессіз жалғасады, яғни бұл жағдайда зерттеуге алынған адам өз келісімін және медқызметкерден ақпаратты тараптпауға кепіл де ала алмайды.

Бұрын АҚТҚ/ЖҚТБ-ға бақылауға бару қысым мен күш арқасында болатын
Бұрын АҚТҚ/ЖҚТБ-ға бақылауға баруға жанжал үндеулер мен қысым арқасында жүргізілетін бақылау арқылы болатын, ол кезде адамдар үшін бұл індет ең қорқынышты ауру ретінде бейнеленетін.  

Кейбір кездері олардың бұқаралық үндеулері барша қауымға кімнің АҚТҚ-ға нәтижесі расталғанын жариялауға, баспа бетіне жазуға, тіпті жұмыс орны мен үй мекен-жайында бәрін ашық айтуға шақырды. Ал ең соңғы ұсынысы АҚТҚ-ға нәтижесі  расталғандардың денесіне инемен белгі салу (татуировка) салуға ойың да білдірді.

АҚТҚ-сы бар адамдар зерттеуден өтуге қорқады
Антиспид қозғалысының белсенділері ауруға тиісті адамдардың соның ішінде геи мен бисексуалдардың, нашақорлардың өздерінің өмір сүруі қалпы үшін қоғамнан оқшауланып, және қылмыстық қудалауға тиісті болғанға кейін үкімет мүшелеріне жолығуға қорқатын. 

Ал енді осының үстіне барша қауымға ашықтан –ашық нәтиже жайында бәрін жариялаудың өзі бұл зерттеуден өтуге тағы да үлкен қорқыныш пен сенімсіздікті туындатады.

АҚТҚ бақылауы үш негізгі «3 С»  ұстанымға тіреледі
Осы себепке сүйене отырып, ДДСҰ мен ЮНЭЙДС өздерінің 2004 жылғы «АҚТҚ-ға тексерілу туралы саяси өтініште», осы негізгі үш ұстанымды қолдану керек екендігін мәлімдеді, олар:

- тексерілістердің шыққан қорытындылары мен тексерілуге сұраныс жасайтын айғақтарды жарияламау, сыр ғып сақтау;

- АҚТҚ/ЖҚТБ-ға тексеріліске дейін және тексерілістен кейін толықтай кеңес беру;

- тексеріліске келісім беру: ақпараттық, нақты және өз ниетімен

Ең алғашқыАҚТҚ-ға тексерілу моделінде өз ниетімен кеңес беру болған жоқ
ДДСҰ мен ЮНЭЙДС мәліметі бойынша көп мемлекеттерде ең алғаш АҚТҚ-ға тексеріліс жүргізгенде өз қалауымен және толық кеңес берумен (VCT) емделушінің бастамасымен   өтетін. Бірақ осыған қарамастан, көп жағдайда денсаулық сақтау медицина қызметкерлерінің бастамасымен және үндеулерімен тексеріліс жүргізіледі.

ДДСҰ мен ЮНЭЙДС АҚТҚ-ға тексеріс жүргізуді міндетті түрде өтуді ұсынады
ДДСҰ мен ЮНЭЙДС міндетті түрде деген ұстанымды тек қана жүкті әйелдер, ИППП қатысты көмек сұрайтын адамдарға, және АҚТҚ көп таралатын немесе бар аймақтарда тұратын  адамдарға қолдануға болады. 

Бірақ осының өзінде медицина қызметкерімен ұсынған міндетті түрдегі тексеріліс жүргізгенде БҰҰ-ның агенттігі тіпті  тест алып  кеңес жүргізуді жөн көреді. Яғни оларға ақпаратты келісіммен қамтамасыз ету, сол арқылы олар өз құқықтарын біле отырып тіпті тексерілістен бас тарта алатынын да білу керек.

Ұсынған шарада «кемшіліктері» бар
ДДСҰ мен ЮНЭЙДС міндетті түрдегі тексерілісті енгізу ұсынысмен міндетті түрдегі тексерілісті жүргізу арасында айырмашылықтарын іздестіріп жатыр.

Бірақ іс-жүзінде АҚТҚ-ға міндетті түрдегі тексерілістің кез келген адам тесттен бас тартпаса,  әр адам себепсіз бостан-босқа тесттен өтпеу үшін біраз күш жұмсау қажет. Ал бұның өзі міндеттегі тексереліске айналады.

ДДСҰ мен ЮНЭЙДС АҚТҚ-ға міндетті түрдегі тексеріліс жүргізуді ұсынуы, жарияламау жүйесіне сүйене отырып шешкен шығар. Алайда ешкімнің тіл жармай айтқызбаудың өзі талай күш жұмсауды сұрайды емес пе?

Басқалары «үш С» моделін қысқартуды ұсынады
2002 жылғы жазылған Де-Кок еңбегінде, АҚТҚ-ға міндетті түрде тексеріс жүргізуде ешқандай нақты келісім мен тестілеуге дейін кеңестің керегі жоқ дейді. 

Олардың көзқарасы бойынша АҚТҚА-ға тексеріліс міндетті түрде немесе үлгіқалыпты түрде медицина  ұйымдарының тұрғысынан болу керек, сонын ішінде ең көп инфекцияның таралу аймағы бар мемлекеттерде бас тартқан емделушілерден басқа, қалғандарын толық тексеру.

Ерекше жағдайда адамның құқық қорғауы АҚТҚ-ға тексеріліс жүргізгенде те қана қиындатады
Де-КОК  және оның әріптестерімен ұсынылған аргументтері «ЖҚТБ ерекшелігін» болымсыз деп келтіреді.

Олардың айтуы бойынша « үш С» деген ұстанымның адам құқықтарың қорғау дегені, сенімді ақтаған жоқ. Тіпті әсерлі нәтижеге қол жеткізу үшін де өз зиянын тигізуде.

- өз қалауымен тексерілу, оның ақпараттық кеңестен өтіп, өз келісімін беруі өте көп уақыт пен қорларды қажет етеді, сондықтан өзекті болып тұрған мәселені ол шеше алмайды. Әсіресе инфекциясы көп тараған мемлекеттерде, жұғу жағдайы ұшықтанып тұрғанда бұл мүмкін емес,

- АҚТҚ/ЖҚТБ туралы жан-жақты біілу, онсыз да инфекцияның жұғу жоғарғы қаупі бар мемлекеттерде ақпаратты көп насихаттайды, сондықтан кеңес жүргізіп тұрудың қажеті жоқ;

- Ерекше жағдайда  адам құқығын қорғауда, АҚТҚ-ға тексересі басқа инфекциялы ауруларға қарағанда, жағдайды қиындата түседі. Жасырын тексеріс жүргізуге ықпал бермей керісінше ашықтыққа қол жеткізу көп амалдары шешеді.

- өз қалауымен тексерілу әлеуметтік әділеттілікті ем мен медицина жағынан көмекті ынтығып түұрған емделушілердің тексеріліске қол жетімділігін бұзады.

Африка халықтың денсаулығын сақтауда дереу шара қолдану керек
Де-Кок және басқа авторлардың айтуы бойынша Африкада ешқандай «адамның бостандығын қорғау» саласында қатысы жоқ, себепті олардың жағдайы ерекше. Яғни бұл мемлекетте індеттің таралу аймағы тез әрі жоғары, сондықтан билік денсаулықты сақтау саласында жедел шараларды қолдауға абзал. 2002 жылы жазылған еңбекте былай жазылды: «АҚТҚ/ЖҚТБға тексеріліс жүргізудің амалдары Еуропа мен АҚШ-та жағдай Африкада сияқты осындай күрделі эпидемияға айналмағанда қатал қалпында өтпеуші еді».  

«3 С» болмаса тексеріліс адам құқығын бұзады

Ақпарат беру мен келісімге келуі жоқ тексеріліс әдетте  VCT мен адам құқықтары арасындағы байланыситы аңғармайды
Барлық адамдар «ең жоғарғы» денсаулыққа жетуге құқылы, ал ол дегеніміз денсаулыққа қатысты ең жоғарғы қол жетімді ақпарат, тауар мен қызметтерге ие болу.

Үкіметтің құқықты іске асыруда нәтижелікке жауапты барлау жүргізетін БҰҰ комитетінің түсініктемесі былай дейді: «АҚТҚ/ЖҚТБға қатысты көрсетілетін қызметтерде, адам құқығына қатысты: «ғылыми және медицина көзқарасы тұрғысынан саналы әрі сапалы қызметтер», соның ішінде мәдениетті ерекшеліктерді және медициналық әдепті құрметтейді». Біз ойлаймыз осы қызметтерге АҚТҚға тексеріліс те енеді.

Тестке дейінгі кеңес адамның ақпарат алудағы құқықты қорғайды
VCT бөлшектері адам құқықтарының заңнамасына негізделген.

Ақпараттық келісім адам құқығын жеке қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді – яғни, өз организмін бақылауға алу және ақпаратқа ие болу құқығы.

Тестке дейінгі кеңес бұл құқықтарды қорғауға мүмкіндік береді.

Тесттен кейінгі кеңес, алған қорытындылардан кейін ақпарат алуға мүмкіндік алады.

Тексерілістің оқшауланған қалпында жүргізу немесе ұсынуды болғызбауға үкімет жауапты
Тексерілістен кейінгі қорытындыларды жарияламай, және АҚТҚға тексерілуге келген айғақтарды айтпау – адам құқығын қорғау мен жеке бас өмірін құрметтеуді білдіреді.

Осыдан басқа зерттеу жүргізгенде белгілі бір жеке адамды немесе топ адамды оқшауландырып тексеріліске алмауына үкімет қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, АҚТҚға тексеріліс басқа да медициналық қызметтер сияқты өту керек.

Кемсіту және жеке бас қауіпсіздігіне құқық, біздің көз қарасымыздан АҚТҚға бақылау жүргізу саяси құрылымда ең бірінші – зорлық, күш көрсету, кемсіту сияқты қарым-қатынастардан арылту. Осылардың бәрі медицина қызметтерінде болмауы тиіс.

Бекерден бекер АҚТҚға тексерілісті өткендердің саны арта түскені,  АҚТҚдан кейінгі салдары қаралмаса бұл нәтиже емес
Медицина қызметкерінің бастамасымен өткізілетін АҚТҚға тексеріліс аз өткізілгенімен еш нәтиже бермейді. Адамдар саны арта түскенімен кол жеткізерлік нәтиже жоқ.

Себебі егер адам тексеріліс не үшін қажет, оның мәнісін түсінбесе, ол тексеріліске дайын болмаса, нақты ақпаратты білмесе, тесттен кейінгі қорытындыларды түсінбесе, АҚТҚ инфекциясы жайында толық мәліметтерді білмей өзінің жыныстық қатынастарындағы серіктесіне өзінің АҚТҚ дәрежесін айтуға қорқыныш пен үрей астында жүрсе бұл не нәтиже болмақ?

АҚТҚдан кейінгі жағдайды ойлау керек
Жабығу (Депрессия) , өз-өзіне қол жұмсау, қоғам алдында оқшаулану, зорлық немесе дөрекілік пен күш көрсету – бұның бәрі тексерілістің қорытындысы болуы мүмкін. Осыны АҚТҚны зерттеуде көлемді ұлғайтпай тұрып санасу керек.

Ақпараттық келісіммен кеңестің жоқшылығы, АҚТҚ дәрежесі расталғанда күш көрсету мен басқа жаман салдарға әкеліп соқтыры ма дегенді білу үшін  қосымша зерттеу жүргізу керек.

Тексерілістен өткендердің саны арта түсуі нәтиже емес
Тесттен өткен адамдардың саны арта түсуі нәтиже емес екендігіне дәрігерлер келіспейтін шығар.

АҚТҚға тексеріліс тек қана профилактика мен одан кейінгі медициналық жәрдемге ие болу, ем алу мен қолдау ғана нақты құндылыққа айналмақ. Медицина қызметкерлерінің бастамасымен өтетін тексерілістің ешбір нәтижесі жоқ, одан кейін адамдар не ем не басқа жәрдем көре алмайды.

Емделу қол жетімді болғанда, адамдар өз еркімен келеді
Антиретвирусты терапиясы қол жетімді болмағанымен, егер де емделу тегін болса, адамдар тексеріліске өз еркілерімен келетінін көрсетті.

Ал емделу қол жетімді болмаса адамдардың келмейтіні таң қаларлық жайт емес. Және адамдарды тестке итермелеп, ал одан кейін ешқандай ем көрсетпей қолдамаудың өзі этикаға жатпайды..

«3 С» болмаса тексеріліс профилактика құралы ретінде өзінің мәнісін жоғалтады
Тексеріліс нәтижелі болу үшін, адам құқытарына негізделген болса, онда адамдарға ең бірінші АҚТҚ/ЖҚТБ қалай берілетінін, қалай тексеріліс өтетінін, қандайжәне қайда көмек сұрай алатынын т.с.с. ақпаратпен қамтамасыз ету керек.

АҚТҚға тексеріліс кеңессіз, ақпараттық келісімсіз профилактиканың құралы  ретінде өз мәнісін жояды.

Хейвудтың айтуы бойынша, АҚТҚ мен ЖҚТБ туралы жоғарғы ақпаратпен қамтамасыз еткенімен, тіпті Африкада барлығы да бұл эпидемия жайында білгенімен бұл білім бөлек. Яғни адамның кеңесіп сұрақ-жауабын алуға ешнәпсе жетпейді.

Тексерілістің ең негізгі бөлшегіне кеңес алу кіреді

Кеңесу деген тексерілісте ең негізгі сүйенерлік нәрсе. Яғни ол арқылы адам қажеттісін сұарқ қою арқылы біледі. Және айтылғанның бәрі сыр қалпында қалады.

Әрине, мамандырылған кеңесшілердің жоқтығы, эпидемия жоғары таралған қауымдарда ол өте қажет.

Бұл бағдарламалардың құндылықтар мен қорлардың сұрағы. Табысы төмен мемлекеттер АҚТҚ бойынша кеңесшілерді дайындау арқылы жақсы жетістіктерге жетті.

Өз еркілерімен кеңес алу арқылы тексерілістің жолы болмады ма - әлде қаражаттың жоқтығы үшін зардап шегуде ме?
Жиналған үлкен тәжірибе қорлары арқылы, соның ішінде БҰҰ жиналған ақпараты бойынша, VCT толық профилактиканың стратегиясы ретінде, емделу мен медициналық жәрдем көрсетуде нәтижені көрсетті.

Алайда  VCT жолы болмады деудің орнына, басқа жолдарды қарастыру керек. Мүмкін  VCT моделі және кеңеске негізделген тексеріліс қаржының жоқтығынан іске асыра алмады.  

1988 жылдан бастап 1998 жылға дейінгі  оңжылдықтың ішінде, Африкадан бастап Сахараның оңтүстігіне дейінгі кеңес жүргізу жұмысы тоқтап қалды. Халықаралық агенттіктері АҚТҚ/ЖҚТБ бағдарламасына қажет қаражатты бөле алмады. Осының кесірінен жұмыс тоқтала бастады. 

Осы кезеңде АҚТҚ/ЖҚТБны емдеуге аз үміт қалды. Сондықтан үкімет тексеріліске шақырудың орнына, қаржыны білім беретін бағдарламаларға және мүшеқаптарды насихаттауға жұмсай бастады.

Тек қана 2002 жылы Де-Кок өз әріптестерімен  VCT моделінің іске аспауын жариялағаннан кейін, халықаралық көмек ұлғая түсті. Сол кезде ЖҚТБмен, туберкулезбен, маляриямен күресетін ахуалды қор емделуге қол жетімдігін арта түскенімен, кең шеңберде кеңес беруді қолға алды.

Кеңес берумен тексеріліс жүргізу емделумен байланысты болуы тиіс
Кеңес беру арқылы оның бәрі тегін емделумен жалғасу керек. Егер де тексерілістен кейін емделу, медициналық көмек көрсету болса ол адамның сенімін арта түседі. Және бұл негізгі құндылыққа айналуы тиіс.

Джоан Сете — Канаданың АҚТҚ/ЖҚТБ құқықтық желісі бойынша орындаушы директор  Оның электрондық поштасы: jcsete@aidslaw.ca

Мақаланың мәліметтері
Медицина қызмектерлерінің бастамасымен шақырылатын үндеулері АҚТҚға тексерілісі мазалауда

Кейбір айтылған көзқарастар АҚТҚға тексеріліс және адам құқықтары халықаралық сарапшыларды кездесуінде  айтылды. Бұл  кездесу денсаулық орталығы мен гендерлік теңдік, Gay Men's Health Crisis және Канадалық АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша құқықтық желісімен   Монреалда   жылдың қазан айында өтті.

Кездесуде ғылыми сарапшылар, БҰҰ өкілеттері, белсенділер мен АҚТҚ/ЖҚТБмен сүретін дүние жүзінің адамдардың қатысуымен өтті. Ақпарат көзі: Тәжірибе алып жүрген мамандардың қауымдастығы сайты

 


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым